Қазіргі кезде, табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындардың арызы қабылдануда. 4 маусым күні Бурабай аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтеді. Онда төтенше жағдайдың салдарынан келген шығынды өтеу мәселесі қаралмақ.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 маусымында Бурабай ауданының аумағында көлемі 20 жəне 30 миллиметрлік бұршақ жауды. Табиғаттың тосын мінезінен Щучинск қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұрғын үйлер зардап шекті.
Ақмола облыстық ТЖД басшысының орынбасары Қанат Доспаевтың айтуынша, бұршақтың жауатыны алдын ала болжанғанымен, оның осыншалықты ірі болатынын ешкім күтпеген.
Бұршақтан зардап шеккен 8 адам (4 балалар) дəрігерлердің көмегіне жүгінді. Оның ішінде 1962 жылғы əйел ауруханаға жатқызылса, қалғандары алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді.
Осы күні Бурабай аудандық ТЖ бөліміне үйлерінің шатыры, терезесі жəне автокөліктері бүлінгені жөнінде 4 адамнан арыз түскен.