Бурундиде қоршаған орта министрін атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -Жексенбі күні ел астанасы Бужумбурада 54 жастағы Эммануэль Нийонкуру (Emmanuel Niyonkuru) өлтірілді.

«Атыс қаруы бар ер адам үйіне қайтып келе жатқан министрді атып өлтірді», - деп жазды Франс Пресс агенттігі.

Қылмысты тергеу аясында тағы бір әйелдің қамауға алынғаны белгілі болды.