«Республиканың 13 ауданында 2 мың гектардан астам алаңда өрт сөндірілді, оның ішінде Тункинск ұлттық саябағы мен Улан-Удэ әскери орман шаруашылығында жалын ошағы ауыздықталды», - деді агенттік баспасөз хатшысы Александра Егорова.
09:36, 23 Маусым 2015
Бурятияда бір тәулік ішінде орманда 19 өрт ошағы тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурятияда өткен бір тәулік ішінде 19 өрт тіркелді. Ормандарда 9 мыңнан 10 мың гектарға дейін жерді жалын шарпыды. Бұл туралы сейсенбіде РФ Орман шаруашылығы агенттігінен хабарлады, деп жазады ТАСС.