Бурятияда Мәскеуден келген туристер қар көшкіні астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуден келген туристер тобы Бурятияда «Жанартаулар алқабында» қар көшкіні астында қалды, бір адам ажал құшты, деп хабарлады РИА Новости.

Забайкальский өлкесі бойынша тергеу басқармасының өкілі Дмитрий Столяровтың айтуынша, сәрсенбіде таңертең құқық қорғау органдарына Бурятиядағы Окинск ауданы ауданы Орлик елді мекенінен 60 шақырымдай жердегі «Жанартаулар аңғарында» қар көшкін жүргені жайлы ақпарат келіп түскен. «Мәскеуден келген туристер көшкін астында қалған. Алдын ала деректер бойынша топ жетекшісі қаза тауып, қалғандары шатыр лагерін құрып, көмек күтіп отыр», - деді ол.

Бұлардың құрамында алты адам болған, барлығы ер адам. Топ ТЖМ-ға тіркелген. Туристер Бурятияға 21 ақпанда келген.

Столяровтің айтуынша, таяу уақытта көшкін орын алған аумаққа тікұшақпен құтқарушылар, тергеушілер, полицейлер тобы аттанбақ.