Бурятияда тұман салдарынан болған жол апатында 5 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурятияда қалың тұман түсуінің салдарынан жол апаты болып, бес адамның өмірі қиылды. Бұл туралы РИА Новости республика ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты Селенга ауданында, Улан-Удэ-Кяхта автожолының 71-километрінде, Гусиноозерск қаласынан 15 шақырымдай жерде болған. Mitsubishi Canter жүк көлігі жеңіл Toyota Vista машинасымен соқтығысқан.

Анықталғандай, жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі қалың тұман салдарынан қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, автомобильді соғады. Оқыс оқиға салдарынан жеңіл көліктегі төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапты.

Қазіргі кезде тексерістер жүріп жатыр.