Бурятиядағы кеніште қар көшкіні: қаза тапқан алты адамның мәйіті табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Бурятия өңіріндегі «Ирокинда» кенішінде қар көшкіні салдарынан қаза тапқан барлық алты адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ТАСС.

Фото: ТАСС

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары толық аяқталған.

– Қар көшкіні жүрген жерде тағы екі адамның денесі табылды. Осылайша, алты адамның барлығы қар астынан шығарылды, – делінген ведомство дерегінде.

Оқиға кеніш аумағында қар массасының түсуі салдарынан болған. Құтқарушылар бірнеше күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде қар көшкіні жұмысшыларды басып қалғаны хабарланған болатын.