12:29, 06 Сәуір 2009
Бурятияның көлік министрі балық аулап жүріп опат болды
МӘСКЕУ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Бурятияның көлік және энергетика министрі Сергей Черниговский балық аулап жүріп опат болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Сенбі күні министр мінген көлік Байкал көлінде мұз ойылып, астына түсіп кетеді. Министрмен бірге көлікте аудандық әкімшіліктің бірнеше шенеунігі болған. Олардың барлығы суға батып бара жатқан машинадан шығып үлгерген, ал С.Черниговский көлік ішінде қалып қойған.