АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнам елінің Хошимин қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындық үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір боксшы қыздарымыз елорда төрінде Азия чемпионатына соңғы дайындықтарын шыңдап жатыр. Олар осы айдың соңына қарай Вьетнамға жол тартпақ.
22 елден 118 спортшы қатысқалы отырған Хошиминдегі Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы толық құрамда бармақ. Әзірге бас бапкер ел намысын қорғайтын боксшы арулардың тізімін жариялаған жоқ.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 2-8 қараша аралығында өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.