«23 мамырында Антикоррупциялық қызмет 1963 жылы туған полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады. 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктелуде», - делінген агенттік хабарламасында.Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы уақытша ұстау орталығына қамауға алынды.
Тергеу мүддесінде өзге деректер жария етілмейді.