«Коронавирустан кейін қосымша ауру жамап алғандар стационардан шыққаннан кейін 3 ай бойы тұрақты түрде дәрігер бақылауында болуы керек. Олардың иммундық жүйесі қатты әлсіреп қалғандықтан – инфекциялық ауруларға бейім болып қалады», - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Тәуекелова.
Еске сала кетсек, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында «постковидті белгілер» жобасы сынақтан өтуде.
Өткен жылдың желтоқсан айында 400-ден астам адам тексерістен өтті. Оның ішінде 100-і – бала. Жоба мақсаты – еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдайда жақсарту.