деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ІІБ өткізетін жедел-алдын алу және арнайы іс-шарасы аясында шілденің 28-і мен 30-ы аралығында заңсыз иемденуге, жоғалған және ұрланған автокөліктерді айдап кету арналарын анықтау, қылмыстық топтарды ұстауға байланысты қылмыстарды, автокөлік құралдарының жүргізушілеріне қатысты жасалған қылмыстарды ашу және алдын алу бойынша жұмыстарды белсендіру мақсатында «Угон» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Операция барысында жасалған 41 автокөлікті заңсыз иемдену қылмысының 38-і ашылды. Бұрын ұрланған 69 автокөлік табылып, заңды иелеріне қатарылды.
Сонымен қатар, 110 күдікті ұсталды, 6 қылмыстық топ әшкереленді. 389 арнайы іс-шара жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша 16 автокөлік қылмысы ашылды.