47 жастағы Биркефелд АҚШ өкімет орындарымен UBS банкісінде қызметте жүрген кезінен - 2007 жылдан бері ынтымақтасып келеді. Швейцарлық салықтан жалтару үшін банк қолданған схеманың егжей-тегжейін жіберіп отырған.. Биркефелдтің өзі де алаяқтығы үшін шаталып, оның қылмысы 2008 жылы ашылып қалды. Ол өзінің клиенттерінің қаражаттарын оффшорлық есепшоттарға жөнелтіп отырған. Биркефелдтің ісі шейцариялық банкке қатысты ірі тергеу шараларына әкеп соқты, ақырында банк 700 млн. доллардан астам қаржы төлеп құтылды.
2008 жылы банкир АҚШ өкімет орындағарын алдағаны жайлы айыптаулардың бірін мойындады. Бұл қылмысы үшін ол 40 айға дейін бас бостандығынан айрылды. Бүгінгі таңда ол сотталған мерзімін аяқтап келеді, Нью-Гемпширде үй қамағында отыр.
БАҚ-тардың хабарлауынша, Биркефелд американдық өкімет орындарына салықтан жалтарған 52 мың адамды ұстап берген. Мұндай тәжірибе Құрама Штаттар үшін қалыпты жағдай. Өкімет орындары осындай хабарламашыларға мүдделі, өйткені олар тұтастай қызметкерлер ұстағаннан гөрі әлдеқайда арзан.
Швейцариялық банк ондаған жылдар бойы бүкіл әлемнің бай адамдарына салық заңнамаларын бұзуға жәрдемдесіп келген. 2009 жылы UBS АҚШ салық төлеушілері болып табылатын төрт мыңнан астам салымшылардың есімдерін ашуға мә»жбүр болды. Сондай-ақ банк істі ың-шыңсыз реттеу үшін 780 млн доллар төлеуге келісімін берді.
Содан бері АҚШ-тың 33 мың салық төлеушілері шнетелдерде декларацияланбаған салымдары бар екенін мойындады. Олар қателігіне өкініп, салықтары мен айыппұлдарын төледі, оның шамасы бес миллиард доллардан асты. 2006 жылғы заң бойынша АҚШ-тың салық қызметі ақпарат берушілерге қылмыстың ашылуынан түскен қаржының 30 пайызын төлеуі тиіс, деп хабарлады «Взгляд» басылымы.
03:43, 13 Қыркүйек 2012
Бұрынғы банкир АҚШ-тан 104 млн. доллар сыйақы алатын болды
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Швейцвриялық ірі UBS банкінің бұрынғы қызметкері Брэдли Биркефелд АҚШ өкіметінен 104 миллион доллар алуы мүмкін. Мұндай жомарттықпен берілген сыйлық оған салықтан жалтарған мыңдаған американдық салымшылар туралы ақпарат бергені үшін төленбек.