Ол 80 жасында қайтыс болды.
Зақаш Қамалиденов Гуреев облысында (Атырау облысы) 1936 жылғы 10 маусымда туған. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын аяқтаған.
Қауіпсіздік органдарындағы қызметімен қатар, Қазақ КСР-і Жоғарғы кеңесінің депутаты, 1988 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы кеңесі Президиумының Төрағасы, Қазақ КСР-і Коммунистік партиясы Орталық комитеті бюросының мүшесі болған. «Заветам Ленина верны» (1974), «Верный помощник партии» (1978) кітаптарының авторы. Әскери атағы - генерал-майор. 1988 жылы зейнетке шыққан.
Қызмет еткен жылдары Ленин орденімен (1985), Октябрьская революция ордені (1981), үш рет - Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаталған.
Мемлекет қайраткерімен қоштасу кеші 10 мамырда өтеді.