«Қазіргі уақытта бұрынғы Қорғаныс министрі М. Бектановты айыптау туралы қылмыстық іс сотта қаралып жатыр», - деді Е. Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 9 қаңтар күні Мұрат Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алған-ды.
2022 жылғы 19 ақпанда ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын.
Осы бапқа сәйкес, әскери жағдайда билікті асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.