Кеше тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.
«23 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен ұсталып, уақытша оқшаулау орталығына қамауға алынды»,-деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 10 қазан күні сағат 22.50 шамасында Қарағандының медициналық мекемелерінің біріне пышақ жарақатын алған 28 жастағы әйел жеткізілді. Қарағанды қаласы ПБ Киров полиция бөлімінде кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Тергеу барысында полиция 23 жастағы ер адамды күдікті ретінде анықтап, іздеу жарияланған болатын.
Жарақаттанған қыз 10 күннен кейін ауруханадан шығарылды.