Жаңа стрит-арт нысаны Таха Хусейн көшесі, 2/1 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетіне салынған.
Суретте қолына бутерброд ұстап, тоқ әрі көңілді отырған мысық бейнеленген. Жылы әсер сыйлайтын сүйкімді арт-нысан қала тұрғындары мен қонақтарының назарын бірден баурады.
Бүгінде муралдар қала келбетіне ерекше сән беріп, тұрғындар мен қонақтардың назарын өзіне аударады.
Таха Хусейн көшесіндегі жаңа арт-нысан аудан аумағындағы муралдар қатарын толықтырып, оның мазмұны мен өзіндік дизайнымен ерекшеленіп отыр.
Осыдан бұрын Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетіне «Таңсәрі» муралы салынғанын жазғанбыз.