Ош облысы мен оған жақын аймақтардан маза кетті. Парламент сайлауының нәтижесінде 6-шы орынға тұрақтап, 5 пайыздай дауыс жинаған "Бутун Қырғызстан" партиясының жақтастары облыс аумағында наразылық шараларын ұйымдастыруда. Жиналған топ партия басшысы Адахан Мадумаровтың "заңбұзушылыққа бармайық" деген сөзіне де құлақ асар емес. Сайлаудың алдын ала қорытындысы шығысымен науқанда жеңіске жету үшін қажетті 5 пайыздық көрсеткішке ие болмаған 24 партия Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясына шүйліккен. Парламент сайлауының толық нәтижесі алдағы аптада белгілі болмақ. Алайда наразы топ «келесі аптаны күтпейміз» деп мәлімдеді. Ертең елдің тағы бірнеше өңірінде наразылық шаралары ұйымдастырылмақ.
18:51, 15 Қазан 2010
"Бутун Қырғызстан" жақтастары наразылық шарасын ұйымдастыруда
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат - Сайлау қорытындысы сын көтермейді. Қырғызстандағы парламент сайлауында жеңіліс тапқан партиялар осындай уәж айтуда. Олар Орталық сайлау комиссиясы науқан нәтижесін бұрмалады деп айыптап, қайтадан саяси шара өткізуді талап етуде, деп хабарлайды БАҚ.