АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, үкімет гуманитарлық көмекке шектеу қойғандықтан шамамен 1 миллион сириялық аштықтың азабын тартып отыр. muslim.kz сайтының жазуынша, БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 1,5 миллион Сирия тұрғынына ай сайын көмек көрсетіп отырғанын мәлімдеді. Алайда, осындай жәрдемге әлі 1 миллион адам мұқтаж көрінеді.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Сирия билігі шектеу қойғандықтан аштық азабын тартқандардың барлығына көмектесе алмай отырғанын айтып отыр. Сонымен қатар, бағдарлама басқармасы өткен айдың өзінде 100 мыңдай адам Сирияны тастап босып кеткенін хабарлады.
УММА ақпарат агенттігі хабарлағандай, Сирия территориясынан күніне 3 мыңнан аса адам өз елінен өзге елге бет алатын көрінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.