БҰҰ өкілі Кэрол Бэчелордің айтуынша, жұма күні «Ислам мемлекеті» содырларының Кобани қаласына таяп қалғанына байланысты Түркияға бет алған босқындар саны артып кеткен. Соңғы ақпарат бойынша, қарулы топ қаладан 10-15 шақырым жерде. Егер олар қаланы басып алған жағдайда шекаралық аумақты бақылайтын болады.
15:00, 22 Қыркүйек 2014
БҰҰ: 100 мың сириялық күрд Түркияға қашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкара Сириямен шектесетін шекара бекеттерін жапқанға дейін 100 мың күрд Сириядан асып, Түркияға келіп үлгерді, деп хабарлады ВВС БҰҰ-ға сілтеме жасай отырып.