Бұл қарарды қазірдің өзінде 30-дан астам мемлекет қолдап отыр, деп хабарлады «РИА «Новости» агенттігі.
«Ресейде және бірқатар басқа елдерде 12 сәуір Космонавтиканың халықаралық күні ретінде тойланады, бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының күнтізбесінде ондай мереке жоқ. Ресей Федерациясы ұсынып отырған қарардың жобасы, адамның ғарышқа алғашқы сапарының 50 жылдық мерейтойында осынау олқылықтың орнын толтыруға және бұдан былай 12 сәуірді Адамның ғарышқа сапарының халықаралық күні ретінде әлем болып атап өтуге бағытталып отыр», - деді Нью-Йоркте журналистерге берген сұхбатында Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин.