Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африкадағы туризм айтарлықтай өсімге ие болды. Бұл өңірлерге адамдар сәйкесінше 10 және 6 пайызға көбірек саяхат жасады. Еуропа да туристік бағыт тұрғысында тартымды өңір ретінде белгілі болды, ал Қытай екінші жыл қатарынан туристердің мекені ретінде орнын сақтап қалды.
09:32, 21 Қаңтар 2014
БҰҰ: 2013 жыл туристер үшін қолайлы жыл болды
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Әлемнің бірқатар жеріндегі экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан 2013 жылы 1,1 миллиард адам туристік сапарлар жасаған. Осы арқылы өткен жыл туристік индустрия үшін рекордтық көрсеткішпен ерекшеленіп отыр. Бұл туралы БҰҰ мәліметтерінде хабарланды.