БҰҰ: 2023 жылдың қазанынан бері Газа секторында 28 мыңнан астам әйел қаза тапты

Фото: Фото: Anadolu

АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылдың қазан айынан бастап Газа секторында Израиль күштерінің шабуылдарынан 28 мыңнан астам әйел мен қыз көз жұмды. Бұл туралы БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының (OCHA) Reliefweb ақпараттық қызметі БҰҰ-Әйелдер (UN Women) құрылымының деректеріне сілтеме жасап хабарлады, жеп жазады ТАСС.

– 2023 жылдың қазан айында басталған соғыстан бері Газа секторында 28 мыңнан астам әйел мен қыз қаза тапқан. Бұл дегеніміз – сағат сайын бір әйел мен бір қыз Израиль шабуылдарының салдарынан өмірмен қоштасуда. Қаза тапқандардың арасында мыңдаған аналар бар, – делінген хабарламада.

БҰҰ мәліметінше, 2025 жылдың наурыз айында бітім режимі тоқтағаннан кейін Газадағы жағдай күрт нашарлаған. Гуманитарлық көмекті жеткізуге қойылған тосқауылдар жағдайды одан әрі ушықтыруда.

Қазір анклав аумағындағы 1 миллионнан астам әйел мен қыз ашаршылықтың өте ауыр деңгейімен бетпе-бет келіп отыр.

Айта кетейік, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль Газа секторының бүкіл аумағын бақылауға алуға ниетті екенін мәлімдеді.