Қарар ережелеріне сәйкес, Бас Ассамблея 2027–2036 жылдарды Болашақ ұрпақт үшін бейбітшілікті нығайтудың халықаралық онжылдығы деп жариялайды.
Бұл онжылдықтың мақсаты - бейбітшілікті нығайту, диалог пен татуласуды үйлестіру, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы, соның ішінде балалар, жастар және қарт адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді қолдау, болашақ ұрпақ қажеттілігі мен мүддесі саясат процестерінде ескерілуін қамтамасыз ету.
Қарарда бейбітшілікті, татуласуды, диалогты және ұлттық бірлікті нығайтуға үлес қосқан мүше мемлекеттердің, көшбасшылардың және халықтардың үлесі құпталады.
Қарарда БҰҰ Жарғысының мақсаты мен қағидаттары, соның ішінде «келесі ұрпақты соғыс апатынан құтқару» және дауларды бейбіт жолмен шешуге деген міндеттеме еске салынады.
Қарар 2024 жылғы Болашақ саммитінде қабылданған міндеттемелерді, сондай-ақ мүше мемлекеттер болашақ ұрпақ мүддесін қорғау үшін ынтымақтастықты нығайтуға міндеттенген «Болашақ пактісінің» қабылдануын құптайды.
Сондай-ақ, онда Орталық Азиядағы оң өзгерістер аталып, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның шекара мәселелерін бейбіт жолмен шешуге бағытталған күш-жігері, сондай-ақ тиісті келісімдерге қол қоюы құпталады.
Айта кетейңк, Қазақстан мен БҰҰДБ білім беру және жастарды қолдау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді.