БҰҰ: 2100 жылға қарай Өзбекстан халқының саны 74 миллионнан асады
09:45, 18 Шілде 2024
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Алдағы 76 жылда Өзбекстан халқының саны 74,2 млн адамға жетуі ықтимал. Мұндай болжам БҰҰ-ның «Әлем халықтарының болашағы» баяндамасында жасалған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
БҰҰ-ның болжамына сай, алдағы 2100 жылдың 1 шілдесінде Өзбекстан халқының орташа жасы 39-ға теңеледі. Осы кезеңде бұл елде 36,8 млн әйел мен 37,4 млн ер адам тұратын болады.
Статистика агенттігінің 17 шілдедегі мәліметінше, Өзбекстандағы тұрақты тұрғындарының саны 37 165 211 адам.
Еске салайық, биыл сәуірде Өзбекстан халқының саны 37 миллионнан асты.