Бұл бастама Тәжікстан бұрын ұсынған ұсыныстарға, соның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының «Орталық Азияда тұрақты даму үшін жаңа мүмкіндіктер жасаудағы жасанды интеллекттің рөлі» қарарына негізделген.
Күнді таңдау жасанды интеллекттің ғылыми сала ретіндегі тарихымен байланысты. 1955 жылдың 31 тамызында Дартмут колледжінде зерттеу жобасының идеясы ұсынылды. Дартмут жобасы жасанды интеллекттің ғылыми зерттеулердің тәуелсіз саласы ретіндегі дамуындағы маңызды оқиғалардың бірі саналады.
Бұл Халықаралық күнді белгілеу жасанды интеллекттің дамуына назар аударуды арттыруға, елдер арасында білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жаңа технологияларды қауіпсіз және жауапты пайдалануды насихаттауға бағытталған.
Осыған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен әзірленген «Халықаралық планетаны көгалдандыру күні» қарарын қабылдап, 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады.