БҰҰ адам өлтіретін роботтарды пайдаланудың заңдылығын талқылауға кіріседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбіде БҰҰ адам өлтіруге негізделген роботтарды пайдаланудың заңдылығын талқылауға кіріседі.

Төрт күнге созылатын саммиттің қатысушылары Женевада аталған машиналарды қолдану қаншалықты өзін-өзі ақтайтындығын түсінуге талпынбақ.

Америкалық белсенді әрі Нобель сыйлығының лауреаты Джоди Уильямстің атап өтуінше, әскери қақтығыстар кезінде қадағаланбайтын адам өлтіру қасіреттеріне жол бермес үшін бүгіннен бастап осындай техникаға тыйым салу керек.

Бүгінде адам өлтіруші роботтар қатарына ұшқышсыз жауынгерлік ұшақтар жатады. Олар бүгінде АҚШ, Қытай, Ресей және Оңтүстік Корея секілді бірқатар елдер пайдаланылуда.

Құқық қорғаушылар осыған дейін бірнеше мәрте дрондардың шабуылы нәтижесінде бейбіт адамдар жиі қаза болатындығын мәлімдеген болатын, деп жазады ВВС.