«Жасанды интеллект базасында технологияларды пайдаланудың салдарын айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі, оларды жөнімен қолданбаса, олар адам құқығына әсер етуі мүмкін», - деп келтіреді агенттік Бачелеттің сөзін.
Бұл жерде адамның бет-әлпетін тану жүйесі және соған қатысты технологиялар туралы айтылған.
Женевада дүйсенбіден бастап БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесінің 48-ші сессиясы өтіп жатыр. Ол 8 қазанға дейін жалғасады.