Мұндай деректер БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының жыл сайынғы баяндамасында келтіріледі, деп хабарлайды Росбалт.
«Орта есеппен өткен жылы әр минут сайын 20 адам өз үйін тастауға мәжбүр болған, яғни әр үш секунд сайын бір адамнан көшіп отырған», - делінген құжатта.
Сондай-ақ, ең көп босқындар Сириядан келген (5,5 млн адам), одан кейінгі орында Оңтүстік Судан тұр. Өткен жылдың соңында саяси дағдарыстың салдарынан бұл елді 737 мыңнан астам адам тастап шыққан.