БҰҰ әлемді аштық пен кедейлік күтіп тұрғанын ескертті
09:02, 08 Мамыр 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ пандемиямен күресу үшін кедей елдерге көмектеспейтін болсақ, онда бүкіл әлемде қақтығыстар, аштық пен кедейлік болатынын ескертті. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ халықаралық ұйымдарға пандемиямен күресу үшін кедей елдерге 6,7 млрд доллар бөлуге шақырды. Көптеген кедей елдерде пандемияның шарықтау шегі бірнеше айдан кейін болады. Алайда бүгінде миллиондаған адамдар жұмысынан айырылып, өмір сүруге қаражатсыз қалды.