Табиғат апаты Пәкістанның 43 миллиондай халық тұратын жеті үлкен ауданын әбіржітіп отыр. БҰҰ-ның бағалауынша, ол аудандарда 14 миллиондай адам көмекке аса мұқтаж. Адамдарға азық-түлік, таза ауыз су, гигиена заттары, дәрі-дәрмек, сондай-ақ уақытша баспана қажет.
Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан, БҰҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, Пәкістанда 1200-ден астам адам қаза тапқан.
Сел тасқыны, ең аз дегенде, 300 мыңдай тұрғын үйді шайып кетіп, миллиондаған адамды баспанасыз қалдырып отыр.