БҰҰ: Ауғанстан мен Пәкістандағы жер сілкінісінен 220-дан аса адам көз жұмған
00:11, 27 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан мен Пәкістандағы жер сілкінісінен соңғы мәлімет бойынша кем дегенде 220 адам көз жұмған. БҰҰ зілзаладан зардап шеккендерге қол ұшын созуға дайын.
Бұл туралы журналистерге БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Қуатты жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 14.09-да орын алған. Cоңғы мәлімет бойынша, Ауғанстанда апат салдарынан 80 адам көз жұмса, 200-ден астамы зардап шеккен. Пәкістандағы көз жұмғандар саны 140 адамға жетті, мыңнан аса адам зардап шеккен. Ал пәкістандық БАҚ 165 адам көз жұмды деп хабарлауда. Фото: © AP Photo/Mohammad Sajjad