Бұл туралы The Associated Press агенттігі хабарлады.
БҰҰ ақпаратынша, тағы 7,5 мыңға жуық бейбіт ауғандық жапа шекті.
Өткен жылы көз жұмғандардың ішінде әйелдер мен балалар саны артты. Мерт болғандардың ширегі балалар болса, 10% - әйелдер.
Құрбандардың саны өткен жылғымен салыстырғанда 4% төмендесе, зардап шеккендердің қатары 9% артып, 2009 жылдан максималды көрсеткішке айналды, делінген Ауғанстанға ықпалдасу бойынша БҰҰ миссиясының баяндамасында.