БҰҰ: Ауғанстанда опат болғандардың елеулі бөлігі - әйелдер мен балалар

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы Ауғанстанда қаза болған және жарақат алған бейбіт тұрғындардың саны 14 пайызға артты. Ал оның елеулі бөлігін әйелдер мен балалар құрап отыр.

БҰҰ есептеулеріне қарағанда, үш мыңға жуық бейбіт азаматтардың өмірі қиылып, бес мыңнан астамы жарақатты болды. БҰҰ сарапшылары зерттеу нәтижесін Ауғанстаннан шетелдік әскерилерді біртіндеп шығарумен байланыстыруда.