БҰҰ аумақтық қауіпсіздік құрылымдарымен тығыз өзара іс-әрекет етуі керек - Н.Назарбаев

None
Ю-ЙОРК. 21 Қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - БҰҰ аумақтық қауіпсіздік құрылымдарымен тығыз өзара іс-әрекет етуі керек.Қазақстан Президенті БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 66-сессиясында осындай мәлімдеме жасады.

Егер БҰҰ аумақтық қауіпсіздік құрылымдарымен өзара тығыз іс-әрекет етсе Жердегі бейбітшілік мығым бола түсер еді. Еуразиялық өңірдегі ондай сәйкес құрылымдар - АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы мен іс-әрекетінде қазіргі заманғы әлемнің құрылымын нақты көрсету маңызды. Сонымен қатар вето механизмі қабылданған шешімдердің өлшемділігі мен тиімділігіне кепіл бола алады», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы сонымен қатар Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-18 жылдарға тұрақты емес мүшелікке өзінің кандидатурасын ұсынғанын жеткізді.

«Біз әлемдік қауымдастықтың қолдауына үміттіміз», - деді Президент.