БҰҰ әйелдер құқықтары жөніндегі өзінің бөлімшелерін бір ұйымға біріктіруде

АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі төрт ұйымы жаңа бір құрылымға біріктірілетін болады,

деп хабарлады сейсенбі күні БҰҰ-ның баспасөз қызметінен.

Жаңа органның атауы әзірге анықталған жоқ, бірақ   оның  құрамына   БҰҰ-ның   Әйелдер  мүддесі үшін   даму   қоры (ЮНИФЕМ),  Әйелдердің  жағдайларын   жақсарту  жөніндегі халықаралық   оқу  және ғылыми-зерттеу    институты,   БҰҰ  Бас хатшысының   Гендерлік  мәселелер және  әйелдердің    жағдайын жақсарту  жөніндегі арнайы  кеңесшісінің  Кеңсесі,   Әйелдердің  жағдайын  жақсарту  жөніндегі бөлім  кіретіні  белгілі  болып  отыр.