БҰҰ әйелдер проблемалары жөнінде Бүкіләлемдік конференция өткізуді ұсынды

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы 2015 жылы әйелдер проблемалары бойынша Бүкіләлемдік конференция өткізуді ұсынады, деп хабарлады РБК.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мен Бас Ассамблея төрағасы Насыр Әбдулазиз Әл-Насер бірлескен мәлімдемелерінде әйелдердің жағдайын жақсарту жаһандық прогрестің өмірлік маңызды бөлігі және саясатта, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мәселелерінде, жұмыспен қамту және аграрлық салаларда әйелдердің рөлі туралы бүкіләлемдік форум өткізетін уақыт жетті, деп атап көрсетті.

Бүкіләлемдік мұндай форумды өткізетін ықтимал орын әзірге айтылған жоқ.

Мұндай соңғы конференция 20 жыл бұрын Бейжіңде, ал алғашқысы - 1975 жылы Мехикода өткен болатын.