БҰҰ Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолуын таныстырды

АЛМАТЫ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдері бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (UNESCAP/АТМЭӘК) аталған аймақтағы экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың 2009 жылға арналған шолуын таныстырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Дәл осы күні аталған шолудың тұсаукесер рәсімдері Азия-Тынық мұхиты аймағының 20-дан астам елінде, сондай-ақ Нью-Йорк пен Женевада өтуде. Алматыда баяндаманы АТМЭӘК сарапшысы Болат Тәтібеков таныстырды. Белгілі болғандай, «Үш қатерден ? дамуға» деп аталатын шолу жаһандық қаржы дағдарысына, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі екі күрделі мәселе ? азық-түлік пен экологиялық қауіпсіздік түйткілдеріне арналып отыр.АТМЭӘК сарапшысының айтуынша, онжылдық көлемінде Азия-Тынық мұхиты аймағын осымен екінші рет қаржы дағдарысы шарпып отыр. Бұған қоса, баяндамада 1997 жылдан кейін жүзеге асырылған реформалар айтылды. Б. Тәтібаевтың сөзінше, 2008 жылдың төртінші тоқсанында аймақтың негізгі қозғаушы күші ? сауда-саттықтың төмендеуі байқалған кезде тұрақсыздық белең алды.«Жиында айтылғандай, Қазақстанда экономикалық өсу қарқыны 2008 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде. Шолу аймақішілік сауда үлесін және экономикалық әріптестік саласында аймақтық келісімдерді жеделдету арқылы инвестицияны арттыруға шақыруда», дейді АТМЭӘК сарапшысы.