Жыл сайын 50 миллиард құс жылы жақтан оралады. Ол әлемдегі барлық 10 мың құс түрінің 19 пайызы. Бұл - табиғаттың ғажайып құбылыстарының бірі. Алайда жыл құстарының дені құрып барады.
Африканың солтүстік жағалауына құрылған аулар жыл сайын миллионға жуық құсты өлтіреді, деп мәлімдеді ЮНЕП. Бұл солтүстікке бет алған құстардың жолында кездесетін кедергілердің бірі ғана.
Экологиялық жағдайдың нашарлап кетуіне байланысты жыл сайын құстар миграциясы кезінде олар аялдап, тынығып алатын жерлерді, көл-шалшықтарды табуы қиындай түскен. Бұл құстардың әлсіреп құрбан болуына әкеліп соғады.
1980 жылдан бері жыршы құстың бір түрі - шоңайнақ популяциясының 50 пайызы жойылып кеткен.
ЮНЕП мамандары жыл құстарын қорғау үшін барлық шараларды жасауға шақырады.