БҰҰ өкілдерінің пайымынша, бұл баланың жүйкесі мен денсаулығына түзетілмейтін әсер қалдыруы мүмкін.
Ұйым қызметкерлерінің мәліметінше, Португалияда кез келген жастағы балалар қанды шоудың әдіс-тәсілін оқытуға арналған курстарға жіберіледі екен. Сонымен қатар бұқалар сайысын стадионда алты жасынан қарауға болады.
Осы орайда мамандар аталған көріністі тамашалау бойынша жас аралығының шектеуі айтарлықтай жоғарылауы тиіс екенін алға тартуда.
Испанияға қарағанда Португалиядағы коррида ережесі өзгешелеу, яғни онда көрермендер алдында бұқаны өлтіруге болмайды. Алайда, осы сайыс барысында бұқаны ұрып жығып, оны ақыр соңында қасапханаға жібереді.
Әзірге, БҰҰ-ның осы баяндамасына байланысты Португалия билігі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.