БҰҰ Бас Ассамблеясында жоғары деңгейдегі дебат өтіп жатыр

Фото: AZƏRTAC.

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында жоғары деңгейдегі пікірталас өтіп жатыр, деп жазды AZƏRTAC.

Отырысты БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш кіріспе сөзбен ашты.

Одан кейін осы жылғы Бас Ассамблея төрайымы — Анналена Бербок сөз сөйлейді. Бұдан соң дәстүрге сай алғашқы болып Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силва мінберге шығады. Одан кейін, іс-шара иесі ретінде, АҚШ Президенті Дональд Трамп сөз сөйлейді.

«Бірге – берекелі: Бейбітшілік, даму және адам құқықтары жолындағы 80 жылдан астам уақыт» деген атаумен өтіп жатқан сессияда Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Газа секторындағы жағдай, Палестина мәселесі, Тұрақты даму мақсаттары және климат дағдарысы сияқты тақырыптар қарастырылады.

Жоғары деңгейдегі пікірталастар 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшыларының ішінде бірінші болып сөз сөйлейді. Барлығы 97 мемлекет басшысы қатысады.

Jibek Joly Президенттің сөз сөйлеуін онлайн көрсетеді.