БҰҰ Бас ассамблеясы: 20 наурыз - Халықаралық бақыт күні

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас  ассамблеясы 20 наурызды Халықаралық бақыт күні деп атау туралы қаулы қабылдады.

Шешім Бутан корольдігінің осы күнді Дүниежүзілік бақыт күні деп атау туралы ұсынысынан кейін қабылданды. Оны БҰҰ-ға мүше барлық193 ел қолдады.

БҰҰ Бас ассамблеясы  барлық елдерге бұл мерекені «сәйкес деңгейде, оның ішінде білім беру мен ағарту бағдарламалары аясында» атап өтуді ұсынды. Бір қызығы, дүниежүзілік ұйым халықаралық бақытты күн ретінде неге дәл 20 наурыз таңдалып алынғанын түсіндіріп бере алмады.  Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

 Айта кетейік, бақыт сезімі дегенде көп елдердің Үкіметтері ұлттың әл-ауқатын ескереді, өйткені тек қана экономикалық көрсеткіштер  толықтай бақытты болудың кепілі бола алмайды.

 БҰҰ-ның халықаралық күндері ретінде аталып өтілетін мерекелері жүзден асады. Оның ішінде Халықаралық Жер күні, СПИД-пен күресу күні, Халықаралық қарттар күні бар. Енді олардың қатарына Дүниежүзілік бақыт күні қосылды, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.