Бейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Дубайда өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясына (СОР28) қатысушылардың 28-ші конференциясында 2023 жылды адамзат тарихындағы ең ыстық жыл деп атады. Каzinform бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«2023 жылғы жаһандық климатқа қатысты жағдай айқын. Жағдайдың жылдам өзгеріп жатқаны соншалық, жыл соңы аяқталмай жатып осы жылдың тарихтағы ең ыстық жыл болғанын нақты айта аламыз», - деді БҰҰ басшысы СОР28 делегаттарына жасаған видеоүндеуінде.
Ол биыл әлем жұртшылығы өрт, су тасқыны және аптап ыстықтан жапа шеккенін айта келе, ғаламдық жылынудың рекордтық жылдамдығы әлем көшбасшыларын әрекет етуге итермелеуі керек екенін айтты.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.