БҰҰ Бас хатшысы Газадағы атысты тоқтату саммитіне қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторында атысты тоқтату келісіміне қол қоюға арналған «Бейбітшілік саммитіне» қатысады. Кездесу 13 қазанда Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтеді, деп хабарлайды ТАСС.
— Бас хатшы дүйсенбі күні Шарм-эль-Шейхте өтетін Бейбітшілік саммитіне қатысу үшін Мысырға барады, — делінген әлемдік ұйым басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси кеңсесі саммитке қатысуға 20-дан астам елдің басшылары шақырылғанын хабарлады.
10 қазанда Израиль әскерилері Газадағы атысты тоқтату келісімі Мәскеу уақытымен сағат 12:00–де күшіне енгенін және әскерлердің «жаңартылған орналастыру сызығы бойынша позицияларын алғанын» хабарлады.
Айта кетейік, осыған дейін БҰҰ Бас хатшысы Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімді қолдайтыны туралы жазғанбыз.