АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Джамму және Кашмир аймағындағы қарулы шабуылды қатаң айыптады. Бас хатшы қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Анадолы .
– Бас хатшы Джамму және Кашмир аймағындағы қарулы шабуылды қатаң айыптайды», - делінген хабарламада.
Біріккен Ұлттар Ұйымы сондай-ақ бейбіт тұрғындарға жасалған кез келген шабуыл қабылданбайтынын атап өтті.
Қарулы адамдар тобы Пахалгам ауданында туристерге оқ жаудырды. Бұл аудан Үндістан мен Пәкістан арасындағы даулы аумақта орналасқанымен, Үндістанның бақылауында. Аталған өңірде негізінен мұсылман халқы тұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Джамму мен Кашмирде қарулы шабуылдан 26 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы