Оның айтуынша, Нигерия, Сомали, Оңтүстік Судан мен Йемендегі 20 млн адам аштыққа ұрынайын деп тұр. Төтенше жағдайды шешу үшін 2017 жылы азық-түлікке $5,6 млрд қаржы қажет, соның ішінде $4,4 млрд соманы наурыз айының соңына дейін жинау керек.
«Жомарттық жасап, берілген уәделерге қарамастан, іс жүзінде тек $90 млн ақша жиналды», - деп келтіреді агенттік Гутерриштің сөзін. Ол атап өткендей, бұл қаржы әрбір доллардың тек екі центін құрайды.