Чехия ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пан Ги Мун Прагада бейсенбі күні осы елдің сыртқы істер министрі Лубоми Заоралекпен, ал жұмада Чехия президенті Милош Земанмен кездеседі.
Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы жұма күні депутаттар Палатасында, Карлов университетінде болмақ. Сапар барысында ол Чехия премьер-министрі Богуслав Соботкомен жүздеседі деп күтілуде.