«Кемероводағы сауда үйінде болған оқиға Бас хатшының жанына қатты батты. Ол барлық зардап шеккендердің тез жазылып кетуіне тілеулестігін білдіріп, Ресей халқы мен үкіметіне, қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтады», -делінген БҰҰ сайтында жарияланған хабарламада.
Еске салайық, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
ҚР СІМ-нің мәліметінше, өрттен көз жұмғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
27 наурыз күні 13 баланың туыстары олардың мүрделерін танығандығы хабарланды.