БҰҰ Бас хатшысы Ливия билігін қантөгісті тоқтатуға шақырды

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Ливияда болып жатқан тәртіпсіздікке алаңдаушылығын білдіріп, билікті қантөгісті тоқтатуға шақырды.

"Сондай-ақ Пан Ги Мун бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ливиядағы ахуалды талқылайтынын да жеткізді", - деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Бұдан бұрын, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Брюсселде өткен Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесі мәжілісіне қатысушылар да қантөгісті тоқтатуға шақырған болатын.