БҰҰ-ның теңіз құқығы бойынша конвенциясына қол қойылуының отыз жылдығына арналған конференцияның ашылуында Пан Ги Мун барлық елдер үшін міндетті Мұхиттар туралы шарт жасауды ұсынды.
БҰҰ Бас хатшысының пікірінше, мұндай құжат ғаламшардың су қорларын қорғау және балықтарды шамадан тыс аулауды тоқтату, сондай-ақ жаһандық жылыну салдарының алдын алу үшін қажет. Пан Ги Мун бұл құжаттың алдын ала жобалары БҰҰ-ның осы жылғы қараша айында Катардың астанасы - Дохада өтетін конференциясында талқылануы мүмкін деген сенімін білдірді.