деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі журналистің ел шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сотталғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.
«Current TV» (Сан-Франциско) телекомпаниясының репортерлары Юн Ли мен Лора Лиин мінген ұшақ сәрсенбі күні таңертең Калифорния штатындағы Бурбанк қаласының әуежайына қонды. Қамауда 140 күн отырған журналистер Билл Клинтонның Ким Чен Ирмен болған келіссөзінен кейін босатылды.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун солтүстіккорей өкіметінің шешіміне ризашылығын білдіріп, АҚШ экс-президентін табысты гуманитарлық миссиясымен құттықтады.